Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда жарылыс болды: Қаза тапқандар бар

Павлодар қаласының көпқабатты ғимаратында жарылыс болды. Оқиға өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен дәрігерлер барды. 

Павлодарда жарылыс болды: Қаза тапқандар бар

Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыс бүгін, 6 наурызда сағат 14: 30-да болған.

Мұнда өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен дәрігерлер барды. Қазір оқиғаның себептерін анықтап жатыр. Жарылысқа белгісіз зат себеп болды, оның не екенін мамандар анықтайды.

5 қабатты ғимараттан 60 адам көшірілді, олардың 15-і балалар. 1986 жылы туған ер адам түрлі күйіктермен ауруханаға жатқызылды.

1965 және 1992 жылдары туған екі  әйел жарақат алды. Екеуінің де басының жоғары бөлігін алын шарпыған. Бірінші дәрежелі күйік шалған. Олар бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1992 жылы туылған әйел ауруханаға жатқызудан бас тартты.

Сондай-ақ, 35 жастағы ер адамның денесі табылды. Ас бөлмесі өртеніп, 8 шаршы метрді шарпыған. 

Ғимараттың құлауы белгісіз зат жарылыс нәтижесінде орын алған жоқ.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау