Павлодарда төбелескендерді ажыратпақ болған жігіт пышақ жарақатынан ажал құшты

Жұма, 3 Қараша , 2017 13:17

Павлодар қаласында 19 жастағы жігіт жанжал кезінде пышақ жарақатын алып қайтыс болды.

Бұл туралы pavlodarnews.kz басылымы хабарлайды.

Агенттік тілшісіне хабар берген қала тұрғындарының бірі атап өткендей, жігіттер арасында жанжал Instagram желісіндегі сурет үшін орын алған. Жас қыздардың бірі 21 жастағы жігітпен түскен суретін әлеуметтік желіге жүктеген. Кейін қызды ұнатып жүрген жігіттердің бірі мәселенің мән-жайын анықтау үшін екі досымен бірге кездесуге барып, үшеуі 21 жастағы жігітті соққының астына алған. Оларды арашалауға келген 19 жастағы жігітке ойламаған жерден пышақ тиіп, ол көз жұмды.

Айта кетейік, қайтыс болған ер бала Омбы қаласында білім алып жүрген. Демалыс күндерін өткізу үшін Павлодар қаласына келген екен. Рavlodarnews.kz ақпараттық агентігінің жолдаған ресми сауалына берген жауабында ІІД баспасөз қызметі аталмыш фактіні растады.

“2017 жылдың 29-қазанында шамамен таңғы сағат 05.00-де Қамзин көшесінің бойында орналасқан үйдің жанында жігіттер жаға ұстасып, салдарынан 21 жастағы тұрғын 19-жастағы жігітке пышақ жарақатын келтірген. Алған жарақатынан ол ауруханада көз жұмды. Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 99-бабына сәйкес «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды”, – деді баспасөз қызметінде.


Жіберіп алмаңыз:

Көкшетауда көлік жүргізушісі телефонға қараймын деп адам қағып өлтірді

Иран қазақтарының той рәсімі қалай өтеді (видео)

Еліміздегі «Арқалық хабары» газеті латынша жарық көрді

Оралда екі жігіт дүкенді тонаған сәт камераға түсіп қалды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар