Павлодарда шұңқырға түсіп кеткен әйел мен баланы құтқарған офицер марапатқа ұсынылды

Бейсенбі, 6 Қазан , 2016 8:48

Павлодарда шұңқырға түсіп кеткен әйел мен баланы аман алып шыққан әскери “Ерлігі үшін” медалімен марапатталуы мүмкін. Бұл жайлы КТК хабарлайды.

кекекеке

Осындай ұсыныс айтып, Ішкі істер министріне хат жолдаған 66-79 әскери бөлімінің басшылығы бүгін Әнуар Каюмовқа алғыс хат табыстады. Естеріңізге салсақ, осыдан екі күн бұрын шаһардың орталық көшелеренің бірінде асфальт опырылып, немересін жетектегін әйел жер астына түсіп кеткен болатын. Екі адам мертіге жаздаған бұл жағдайға әзірге кімдердің жауап беретіні белгісіз.

Әнуар Каюмов – немереcін жетектеген әйелдің жер астына түсіп кеткенін алғаш боп аңғарғандардың бірі. Бағдаршамның қызыл түсіне кеп тоқтаған прапорщик арнайы жолақпен өтіп бара жатқан екеудің бір сәтте ғайып болғанын байқапты.

“Лермонтов көшесімен келе жатып, әйел мен баланың кенет төменге құлағанын көрдім. Әйелдің сөмкесі сол жерде қалды да, екеуі асфальттың астына түсіп кетті. Дереу көлікті тастап оқиға орнына жүгірдім. Шұңқырда су ағып жатты. Көліктегі арқанды алып, төмен тастадым. Балақай арқанға жармаса кетті. Одан кейін маңайдағы адамдар да көмекке келді”, – деді 6679 әскери бөлімінің қарауыл бастығы Әнуар Каюмов.

Әскеридің сөзі боямасыз екенін құтқарылған әйел де растап отыр. Галина Корнилова шұңқырдағы батпақ сорып әкете жаздағанын айтады.

“Әскери киімде болғаны есімде. Арқанмен тез арада алып шықты. Шұңқырдағы саз-балшыққа батып кете жаздадық. Немеремнің соңынан мені де суырып алды”, – деді Павлодар қаласының тұрғыны Галина Корнилова.

Ал 5 метр тереңдікке түсіп кеткен қыз бала жедел ауруханаға жеткізілген. Басы жарылып, миы шайқалған бүлдіршіннің бұғанасы да сыныпты. 4 жасар Ульянаның жағдайын сұрауға құтқарушысы арнайы келді.

“Осындай адамдардың көп болғанын қалаймын. Қызымыздың аман-сау қалғаны біз үшін өте маңызды”, – деді әкесі.

Тас жолдың ойылуына жер астындағы ескі кәріз құбырынан кеткен су себеп болуы мүмкін. Мұны енді арнайы құрылған комиссия нақтыламақ. Төтенше жайтқа кімдердің жауап беретіні де белгісіз. Ал қыз сауыққан күні ата-анасы іске өздері кірісуге бекініп отыр.

ымым

Екі адамды шұңқыр ішінен аман алып шыққан Әнуар Каюмов әзірге тек бөлімше атынан алғыс хатпен марапатталған. Ал қарауыл басшысының батылдығымен мақтанатынын айтқан әскерилер енді оны “Ерлігі үшін” медаліна ұсынуға ниетті. Олар ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әріптестерінің әрекеті елеусіз қалмайтынына сенімді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар