Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда мешітке келушілер ақша жинап, көпбалалы анаға үй алып берді

Павлодарда мұсылмандар көпбалалы жесір әйелге үй алып берді. Екі бөлмелі пәтерді сатып алу үшін мешітке келушілер небәрі 3 ай ақша жинаған.

Павлодарда мешітке келушілер ақша жинап, көпбалалы анаға үй алып берді

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Алты баланың анасы Саянгүл мен күейуінің өз үйлері болмаған. Бұған дейін әйел баспана сатып алудан үмітті болса, күйеуі қайтыс болғаннан кейін, өз күшімен ақша жинай алмайтынын түсініпті. Ол барлық әкімдік пен партиялардың кеңселеріне барған. Алайда ондағылардың бәрі тек тұрғын үй кезегі туралы айтып, көмек бере алмапты. Осы кезде Мәшһүр Жүсіп мешітінен күтпеген жаңалық келеді. Көп балалы ананы шараға шақырып, пәтер кілтін табыстаған.

«Маған көмек көрсеткен адамдардың алдында басымды иемін. Көп рахмет! Мәшһүр Жүсіп мешітіне алғыс айтамын. Күйеуім қайтыс болғаннан кейін қатты қиналдым. Саяжайларда тұрып, балалар мектепке баруға қорқатын. Мен кейде жұмыс істеймін. Асыраушының қайтыс болуына байланысты берілетін жәрдемақыға күн көріп отырмыз. Сонымен қатар көпбалалы ана ретінде жәрдемақы аламын», – дейді Саянгүл Мұхаметжанова.

Саянгүлге тек пәтер алып беріп қоймай, ішіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жиһаз сатып алынған.

Көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік аз қамтылған жанұялар үшін пәтер сатып алуға қажет ақша мешітке келушілердің берген садақасынан жиналған. Ол үшін еліміздегі әрбір мешітке арнайы қорап қойылған.

Ал Мәшһүр Жүсіп мешітіндегілер бұл науқанның дәстүрге айналатынын айтуда. Алдағы уақытта ақшаның қалай жиналғанына қарай, басқа адамдарға да үй сыйланатын болады.

«Мұсылмандардың діни басқармасының өз қайырымдылық қоры бар. Ол тұрғын үй алу үшін ақша жинауға ғана арналған. Біз ақшаны қыркүйек айында жинай бастадық. Үш айдың ішінде қажетті сома жиналды. Бірнеше үміткер болды. Комиссия мүшелері олардың үйін аралап, шешім қабылдады», – дейді Мәшһүр Жүсіп мешітінің наиб-имамы Қанат Қабдікәрімұлы.

Тұрғын үйді алғандар оны тегін алады әрі ешкімге ештеңе қайтармайды. Барлығы Алла разылығы үшін жасалады, дейді мешіттегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау