Павлодарда көлдегі қауіпті заттың мөлшері артуынан балықтар мутацияға ұшыраған

Павлодарда Былқылдақ көліндегі балықтардың бітімі өзгеріске ұшырада. Көлдегі сынап мөлшері рұқсат етілген нормадан жиырма есе асып кеткен.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Ауыр металдың концентрациясы салдарынан көлдегі балықтарда генетикалық өзгеріске ұшырау байқалады.

“Балықтардың 36%-нда ауыз қуысы мен басында генетикалық өзгеріс бар. Қабыршақтары бөлек, көздері шамадан тыс бадырақ, жалпы сыртқы формасында өзгешелік байқалады”, — дейді мемлекетік ветеринарлық дәрігер Марат Жарылғасынов жергілікті сайтқа берген сұхбатында.

Былқылдақ көліндегі қауіпті заттар химиялық зауыттан шыққан қалдық салдарынан көбейіп кеткен. Су қоймасы қорғалған, бірақ жақын маңда Павлодарское ауылы орналасқан.

Жергілікті билік өкілдері тұрғындардың көлден балық аулауына тыйым салып отыр.

Тағы оқыңыз:

Астанада ашылатын жаңа ауданға Байқоңыр атауы бекітілді

ІІМ Астанада түрмеден қашып кеткен қылмыскердің суретін жариялады

Мөлдір Әуелбекова: Маған өздері тиіспесе, мен ешкімге тиіспеймін

Төреғали Төреәлі қажылыққа аттанды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар