Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда күйік шалып ауыр халде жатқан сәбиді ата-әжесінің отпен емдемек болғаны белгілі болды

Павлодарда күйіп қалған екі айлық бүлдіршіннің дәстүрлі ем жүргізу салдарынан күйік шалғаны белгілі болды.

Сәбидің ата-әжесі немересін отпен емдемек болған, деп хабарлайды 31 арна.

«Балауыз шам баланың қасында жанып тұрған. Кейін төсекке құлап, от тұтанған. Баланы ауыр халде күйік шалды», – деді облыстық балалар емханасының орынбасары Ирина Орсагош.

Баланың ата-анасы ата-әжесінің үйіне қонаққа келгенін, ол жерде отпен әлдене істегенін айтады. Қайғылы оқиға болған үйдің адамдары жайлы таныстары тек жақсы пікірде.

«Бесінші қабатқа түссем, түтіндеп жатыр екен. Бірінші қабатқа түсіп, есіктерді аштым. Көшеде анасы жылап тұрды», – дейді тұрғын үйдің басшысы Людмила Кучерявых.

Балауыз шамнан диван бықсып жана бастаған. Өрт 1 шаршы метрге дейін жеткен. Баланы жақындары неден емдемек болғаны белгісіз. Сәбидің өмірі үшін қазір дәрігерлер күресіп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Ақмола дәрігерлері өңеші, өкпесі мен бүйрегі кем болып туған сәбиді аман алып қалды

Қарағандыда балалар киімдерінен улы заттар табылды

Пайдалы сөз айтқаннан балағаттаған тиімдірек: Айжан Байзақова қалай танылғанын айтып берді

Талқылау