Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда браконьер ағаш шауып жатып, байқаусызда әйелін өлтіріп алған

Павлодар облысында тұратын Қырғызстан азаматы қарағайды заңсыз кескені және әйелін өлтіріп алғаны үшін 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

топор-в-крови

Павлодар облысында тұратын Қырғызстан азаматына қатысты қылмыстық іс Шарбақты аудандық сотында қаралды.

Материалда 2012 жылғы қазанда сотталушы Н. Әбдіғұлов өз жұбайымен жасырын «Ертіс орманы» Шалдай филиалының Садықащы орман шаруашылығы аумағында ағаш кеспекші болып барады.

Кесілген ағаш жанында тұрған әйелінің үстіне құлап, салдарынан ол оқиға орнында жантәсілім етті.

Сот үкімімен Н. Әбдіғұлов айыпты деп танылып, оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесті.

Талқылау