Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда оқушылар бестік бағасын тәтті тоқаштарға ауыстыра алады

Павлодар мектебінде оқушылардың үлгерімін көтеру үшін ерекше шара ойлап тапты. Оқушылар бес үздік баға алса мектеп асханасында тегін бәліш алады.

1051265

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Сабақта алған “бестерді” оқушылар енді бәліш пен шайға ауыстыра алды, деп хабарлады Павлодардың №33 мектеп директоры Азамат Сыздықов.  Директор Азамат Сыздықовтың айтуынша, “5-ке оқы” шарасының басталғанына көп болмаған. Шара идеясы – оқушылардың үлгерімін көтеруге ынталандыру және мектептегі үздік оқушыларының сарын арттыру.  Енді мектеп оқушылары асханаға бара жатқанда өздерімен бірге күнделіктерін алып барады. “Акцияны 5-11-сынып оқушылары үшін бір аптаға енгіздік. Алдын ала арендатормен келісіп алып, неше үздік оқушы бар екенін зерделеп алдық. Нәтиже бар. Қазір шараны жалғастыруды ойластырып  отырмыз”, — деді директор.

Шараның шарттарына сәйкес, оқушы бес “бестік” бағасын алуы тиіс. Оларды оқушы бәліш, тәтті нан және кекске ауыстыра алады. Мектеп директоры бастауыш сыныптарды әзірге акцияға қоспағанын айтты. Өйткені олар үшін басқа дүние ойлап табулары мүмкін.  Бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша мектепте 794 бала арасынан 73 үздік оқушы шықты. Акция аяқталғаннан кейін барлық үздік оқушыларды санап, нәтижелерді зерделеу жоспарланған. Бүгінгі таңда бұл қаланың оқу орындарындағы алғашқы тәжірибе.

Жіберіп алмаңыз:

Бойжеткен желіде танысқан сүйіктісіне алданып секс-құлдыққа түскенін айтып берді (видео)

Алматыда жалаңаш қазақ қыздары ер азаматтарға массаж қызметін ұсынуда (видео)

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдіктінің ағасы өлі күйінде табылды

Полицейлердің өзін ұрған бұзақылар жұртты шошытты (видео)

Талқылау