Павлодарда белгісіз біреулер шіркеуге өрт қоймақ болды

Павлодардағы Благовещенск кафедралды шіркеуінің есігіне белгісіз біреулер өрт қоймақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодарда белгісіз біреулер шіркеуге өрт қоймақ болды

«Благовещенск кафедралды шіркеуінің бірінші қабатында шамамен түнгі 01-30-дар шамасында электр жарығы сөніп қалған. Артынша қарауыл электр жүйесін жөндеушілерді шақырған. Жөнжеушілер келген соң бүкіл шіркеудегі жарықты сөндірген. Осы себепті шіркеуде жүргендердің барлығы ұялы телефондарының жарығын қолданды»,-дейді шіркеу қызметкері Алексей Степанов.

Шіркеу қызметкерінің айтуынша, қарауыл шамамен түнгі 01-00-дер шамасында аймақты бақылаған. Ол кезде ештеңе болмаған екен. Алайда таң ата белгісіз біреудің кіреберіс есіктің астына қағаз тығып, оны жандырмақ болғандығы анықталды.

Есікке айтарлықтай зиян келмеген. Тек темір есік күйеден бірмаша қарайған. Мұндай әрекетке кімнің барғаны белгісіз қалып отыр. Шіркеуде жарық жоқ болғандықтан, таң ата және кешкісін шіркеудің бейнебақылау жүйесі жұмыс істемеген.

«Менің ойымша, бұл екі факті бір-бірімен байланыспайды. Бұл кездейсоқ жағдай болар деп ойлаймын. Оқиға орнына полиция келіп, хаттама толтырды. Шіркеуде таңғы сағат 9-00-дерге таман жарық жанды.  Кімнің, не үшін істегені белгісіз. Мүмкін біреулер біз дайындалып жатқан мерекенің шырқын бұзбақ болған болар»,-дейді Алексей әкей.

Оқи отырыңыз:

«Қазақтың бұлбұлы» Күләш Бәйсейітованың қызы Алматыда бір бөлмелі пәтер жалдап күнелтіп жүр

ОҚО-да спортшыны пышақтап тастаған қылмыскер 11 жылға сотталды

Астанада 14 жастағы оқушы қызға есірткі тасымалдау ұсынылған

Ақтөбеде лифтіде қаза болған тележүргізушінің күйеуі адам шошырлық жайды айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар