Павлодарда банк алып қойған үйді сот иесіне қайтарды

Бейсенбі, 10 Желтоқсан , 2015 13:05

2013 жылы екінші деңгейлі банк пен азаматтың арасында баспананы кепілге қойған келісім шарт жасалған. Келісім құжаты бойынша азамат өз несиесін 2023 жылға дейін төлеп бітуі керек болған. Банк үйді тартып алар кезде баспанасын кепілге қойған келіншек 179 960 теңге несие қарызын өтей алмай отырған.

сотттттт
Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі «Сот жалғыз баспанаға қарап отырған отбасының мүлкін өздеріне қайтарып берді»,-деп хабарлайды.

Павлодар қаласының тұрғыны сотқа кәмелеттік жасқа толмаған балаларының құқығы тапталғанын, келісім шарт уақытына жетпей банктің үйін тартып алғанын айтып сотқа шағым түсірген.

Сот 2013 жылы жасалған банк пен жеке тұлғаның арасындағы келісімнің 2023 жылы   мерзімі бітетінін айтқан. Ал келіншектің төлей алмай қалған қарызы 179 960 теңге болған. Оған отбасы мүшелерінің жұмыстан шығып қалуы мен денсаулығының нашарлауын себеп деп тапқан.

Сот осындай себептерді ескере отырып шағымданушының талабын қанағаттандырған. Банк АК 321 бабына сай заңды бұзды деп тапқан. Онда банк келісім мерзімі өтпей тұрып азаматтан үйді алып алу себебін көрсете алмаған.

Сондай –ақ, сот  жеке тұлға өз міндеттерін орындай алмай қалған кездерде банк өз атынан қандай да бір қарарлар шығарып,оны жүзеге асыруы заңсыздық деп атады.
Сот үкімінде кепілге қойылған үйді банктің сатылымға қоюы заңсыз делінген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар