Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда апалы-сіңлілі қыздарды қағып кеткен трамвай жүргізушісі сотталды

Павлодарда апалы-сіңлілі екі оқушыны қағып кеткен трамвай жүргізушісіне қатысты үкім шықты. 30 жастағы Наталья Пекнич ендігі екі жылын темір тордың ар жағында өткізуі тиіс, деп хабарлады КТК арнасы.

Жеткіншектерді абайсызда қағып кеткен Пекнич бұл жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейді. Бұған қоса, сот оны бес жылға дейін көлік басқару құқығынан айырды. Естеріңізге салсақ, апалы-сіңлілі оқушыларды осыдан төрт ай бұрын трамвай қағып кеткен болатын. 10 жасар Махаббат Масғұт сол жерде көз жұмса, оның сіңлісі Марал жедел ауруханаға жеткізілген еді. Бұған дейін айыпталушыдан адвокаттары арқылы 1,5 миллион теңге моральдық шығын сұратқан Шынар Уәлитова кейін онысынан айнып, вагон жүргізушісін бас бостандығынан айыруды өтінген-ді. Осылайша тараптар ортақ мәмілеге келе алмады. Бірнеше ай уақытша қамауда болған сотталушының өзі соңғы сөзінде болған жайтқа қатты өкінетінін айтып жылап қоя берді.

Жіберіп алмаңыз:

Талдықорғанда пәтерлерді әділ бөлуді талап еткен тұрғындар наразылыққа шықты

Алматылық кәсіпкер прокуратураның шатырын жөндеуден бас тартқаны үшін 8 жылға сотталып кетті

Ақтауда 10 жасар қызды сыныптастары ұрып тастады

Астанада үй ауласында ойнап жүрген баланы шапалақпен ұрған зейнеткерді жазалады

 

STAN.KZ
Жұма, 08 Желтоқсан, 2017 21:29
Талқылау
`