Павлодарда 1-сынып оқушысы қолына ұстап отырған салют жарылып күйіп қалды
Павлодар ауданы Набережное ауылында бірінші сынып оқитын баланың қолындағы петарда жарылып, екі саусағы күйіп қалды.

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.
“Бұл петарда бірнеше жыл сандықта жатқан. Қызым онымен сәл ғана ойнаған, соң ол өзінен өзі жарылып кеткен. Өйткені, баланың қолында оттық болған жоқ”, – дейді қыздың анасы Ольга Галета.
Оқиғадан кейін баланың ата-анасы ауылдық дәрігерлік амбулатрияға хабарласып, баланы бірден Павлодарға алып келген. Облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, қыздың сол қолын химиялық күйік шалған. Алайда жарақаты жеңіл. Оған алғашқы хирургиялық емдеу жүргізілді. Жарақат алған қолына асептикалық таңғыш қолданылып, амбулаторлық емдеуге жолдама берілді. Айта кету керек, биыл мұндай оқиға алғаш рет орын алып отыр және соңғысы боларына сенеміз.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды