Павлодар соты 5 жасар Айлинді ұрып-соғу ісіне қатысты шешім шығарды
Павлодарда туған қызын ұрып-соғып, онысын видеоға түсірген Нұргүл Докуованың аналық құқына шектеу қойылды. 34 жастағы келіншек қызын енді тек əкесінің рұқсатымен көре алады. 3 жасар Айлин бұдан былай туған əкесі Ермұрат Қасымовтың тәрбиесінде болмақ, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал үйдің үлкен қызы 9 жасар Айғаным анасының қамқорлығында қалды. Аналық құқына шектеу қойылған Нұргүл Докуованың өзі сот шешімімен келіскен сыңайлы. Арнайы жасалған сараптама келіншектің ақыл-есінің дұрыстығын, бірақ мінез-құлқының құбылмалы екенін көрсеткен. Еске сала кетсек, кішкентай қызын ұрып-соғып, онысын видеоға түсірген келіншектің әрекеті қоғамда шу шығарған болатын. Оқиғадан соң, қалалық білім бөлімі Докуованы аналық құқынан айыру туралы арыз түсірген. Екі айға созылған істе жеңіске жеткен Айлиннің əкесі сұхбат беруден бас тартты.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды