Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар полициясы 3 ай бұрын жоғалып кеткен сарбазды іздеп жатыр

Қарулы күштердің ефрейторы Марат Бегалиновтың жоғалуына байланысты Павлодар облыстық ІІД тергеу басқармасы қылмыстық істі қолға алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

26 жастағы Марат Бегалинов 29 маусым күні сағат 22:00 шамасында Ақсу қаласындағы №43 үйден шығып кетіп жоғалған. Ол Ертіс көшесі бойымен шығыс бағытта бет алған. Бірақ одан кейін қайда кеткені белгісіз.

Мараттың жоғалып кеткені туралы әпкесі Сәуле полицияға хабарлаған. Полицейлер мен құтқарушылар Марат Бегалиновты іздегенімен ешқандай нәтиже болмаған.

“Марат Бегалинов – бойы 170-175 см, орта денелі, қысқа шашты жігіт. Жоғалып кеткен күні ол ашық-көк түсті жейде, джинсы шортысын киген. Оның сол жақ көзінің астында тыртық бар. Сарбаздың өзімен бірге “Самсунг А5″ маркалы телефоны болған”, – деді полиция.

Тағы да оқыңыз:

Қорғаушысы: Қытайда түрмеде отырған Ақжарқын Тұрлыбайдың ақталуына сенім бар

Ақмола облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды

Қарағанды облысында 5 жыл сексуалды құлдықта болған әйелге қатысты іс тоқтатылды

«Сиыр-говядина, қой-баранина»: Дәмханада жазылған аударма сөз жұртты күлдірді

Талқылау