Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар оқушылары барлығынан ақылдырақ болып шықты

Ең ақылды оқушылар Павлодар облысында оқиды. Оны «Кім білгіш?» онлайн-сайысы анықтады. Интеллектуалды сайыс мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілді. Үздік деген атауға ие болу үшін, 5 мыңнан астам қазақстандық оқушы қатысқан. Нәтижесінде 6 жүлделі орынның 4-еуі Ақсу оқушыларына бұйырса, 2-еуін Шымкент оқушылары иеленді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

«Кім білгіш?» онлайн-сайысы Қазақстанда осымен екінші мәрте өткізіліп отыр. Сайысты ұйымдастырған – Тұңғыш президент қоры. Жарысқа қатысу мүмкіндігіне 9, 10, 11-сынып оқушылары иеленген. Ал сайысқа қатысуға керегі – білім мен ұялы телефон. Олар «Кім білгіш?» мобильді қосымшасына тіркеліп, өз білімдерін сынайды. Мұнда спорт, табиғат, өнер, ғылым секілді түрлі тақырыптарға байланысты 25 мыңнан астам сұрақтар берілген. Бұған аз уақыт ішінде дұрыс және жылдам жауап берген кіл жүйріктер финалда бақ сынасты. Ұйымдастырушылардың сөзінше, келесі жылдан бастап сайыстың ағылшынша нұсқасы жасалмақ. Ал уақыт өте келе сайыстың интерфейсі мен сұрақтары латын әліпбиіне өзгертіледі.

«Мен жеңіске жету үшін көп уақытымды жұмсадым, ұзақ ойнадым. Сайысқа қатысқан алғашқы жылда еш нәтиже көрсете алмадым. Ал енді жеңіске жеттім. Мен үшін Қазақстан тарихы бойынша сұрақтар қызықты болды. Көп нәрсені есімде сақтап, өзім үшін қажетті ақпараттар алдым. Сонымен қатар ғылым және мәдениет бойынша да жақсы сұрақтар болды. Маған ұнады», – дейді «Кім білгіш?» сайысының жеңімпазы Влада Горбенко.

Жіберіп алмаңыз: 

Алматы облысында жертөледе тұратын бес балалы отбасыға имамдар үй салып берді

ҚР президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды

Алмазбек Атамбаев Назарбаев қатысатын саммитке барудан бас тартты

Мұхтар Алтынбаевтың ұлы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

 

Талқылау