Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысының әкімі Наурыз мейрамын сәуір айына ауыстыруды ұсынды

Ағымдағы жылы солтүстік өңірдегі қыстың кеш қайтуына байланысты Наурыз мейрамы Павлодар өңірінде сәуір айында тойлануы мүмкін.

11400475

Фото: Анатолий Устиненко

Бұл pavlodarnews.kz хабарлайды.

Бұл туралы облыс әкімі Болат Бақауовтың халық алдындағы есеп беру жиынында белгілі болды.

“Алда Наурыз мейрамы келе жатыр. Оны тиісті деңгейде атап өту бойынша мен былтыр жылдың аяғында зиялы қауым өкілдерімен кездескенде ұсыныс білдірген едім. 22 наурызда біздің өңірімізде қыстың беті қайтпайтын кезең. Сондықтан да  сәуір келген соң, осы айдың соңына қарай арнайы жер таңдап, ел болып атап өткен жөн деп білемін. Халқымыз «Сәуір болмай, тәуір болмайды» дейді. Бұл енді, ұсыныс ретінде жасалған дүние. Егер жалпы қоғам тарапынан қолдау тауып жатса, бұл жағдайды да реттейтін боламыз”, – деді Болат Бақауов.

Аймақ басшысы атап өткендей, өткен жылы облыстың мәдениет саласында көптеген істер атқарылды.

«Ұлы Дала Елі» жобасы жүзеге асып, ауқымды деңгейде аталып өтілді”, – деді облыс әкімі.

Желі қолданушылары әкімнің ұсынысын қызу талқыға салды. Олардың басым көпшілігі Наурыз мейрамын ауыстыруға қарсы шықты. Алайда, ұсынысқа оң қабақ танытқандар да бар.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда наурызда +17 градусқа дейін күн жылынады

Қазақстандықтар Наурыз айында қанша күн демалады

Балаларды ірі жол апатынан құтқарып қалған павлодарлық полицей есін жиды

Алматыда жас жігіт сүйіктісін пәтерге шақырып досына зорлатқан (фото, видео)

Талқылау