Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Павлодар облысында “жеңгетайлықпен” айналысқан 21 жастағы бойжеткен ұсталды
Павлодар облысының полиция қызметкерлері рейд жүргізу барысында аумақтағы монша кешендерінің бірінде ақшаға келушілерге жыныстық қызмет көрсететін қыздарды ұсынған 21 жастағы администратор бойжеткенжі ұстады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеп.

“Павлодар облысының аумағында адам саудасына қатысты қылмыстарды болдырмау, жолын кесу, оны анықтау және ашу мақсатында «СТОП-трафик» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді”,-деп хабарлады Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Осы іс-шараның аясында ойын-сауық орталықтарында, монша мен сауналарда, қонақ үйлерде, жалдамалы пәтерлерде, сондай-ақ шаруа қожалықтары мен құрылыс алаңдарында адамдарды заңсыз жұмысқа тарту, ұрлау, заңсыз жұмысқа тартып бас бостандығын шектеу бойынша рейд жүргізілді.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары қаладағы қонақ үйлердің бірінде күзетші болып істейтін 24 жастағы жігітті ұстады. Ол мүліктік жәрдемақы алу үшін меймандарға жыныстық қызмет көрсететін қыздарды ұсынған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген