Павлодар облысында жалғызбасты әкені ауыл әкімі алдап кетті

Жұма, 21 Қазан , 2016 12:05

Қайыр Көшелековтың адам тасып, жәрдемақыға қосымша ретінде нәпақа тауып отырған көлігін шенеунік жөндеп беремін деген. Алайда Жигулиін екі ай ұстап, есігінің алдына моторсыз әкеп тастаған. Бұл туралы КТК арнасында хабарланды.

Безымянный

Артық қыламын деп тыртық қылған әкімге өкпелі отағасы енді кімнен көмек сұрарын білмей отыр.

Көп балалы Қайыр Көшелеков көлігін ауладан қайта көргенде қатты қуанғанын айтады. Бірақ капотын ашқан кезде өзімді қоярға жер таппадым дейді ол.

“Машинаны жүргізіп көрсем ішіндегі моторы жоқ. Көңілім қалды. Адам тағдырын шешетін әкімнің ісі осындай бола ма? Айтыңдаршы”, – дейді жалғызбасты әке Қайыр Көшелеков.

Жұбайы кәмелетке толмаған 4 баласымен тастап кеткен 67 жастағы зейнеткер жайлы тамыз айында көрсетілген еді. Содан бері 3 баласына жомарт жандардың көмегімен мектеп табалдырығын аттатыпты. Жергілікті әкімдіктегілер көлігін жөндеп беруден өзге де уәдені үйіп-төккен еді. Арада екі ай уақыт өткенімен, ешқайсысы да орындалмаған.

Екі ай бұрын жұрттан көмек сұраған Көшелековтер отбасында қазір сауын сиыры пайда болған. Сүт-айранмен қамтылған балалар үшін жуырда спутниктік теледидар да орнатылыпты. Ал ескі үйді түгел жөндеп, отын түсіріп беруге сөз берген әкімдіктегілердің уәдесі сол күйі орындалмай қалған. Үйін зорға жылытқан көп балалы әке аяз түссе жаурап қаламыз ба деп қорқады.

Әлгі ескі Жигулиді жөндетіп беруге уәде еткен әкімнің өзі орнынан табылмады. Сырқаттанып ауруханада жатқан көрінеді. Ал Қайыр Көшелековпен 17 жыл отасқан әйелі биыл көктемде 2 ұл, 2 қызын тастап үйден кеткелі оралмапты. Жәрдемақыға отын-суын сатып алған отағасы енді көлігінің қозағалтқышына қажет 80 мың теңгені қайдан аларын білмей дал.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Ержан
1 ай 15 күні кері

Оңбаңған иттер. Масқаралау керек.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар