Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында моторлы қайықпен серуендеген қыз қолынан айырылды

Павлодар облысында 15 жасар қыз демалыс кезінде қолынан айырылды. Моторлы қайықпен серуендеген жасөспірім бір қолынан айырылып, қазір ауруханада жатыр.

Павлодар облысында моторлы қайықпен серуендеген қыз қолынан айырылды

Бұл оқиға жайлы» Instagram-дағы «Типичный Павлодар» парақшасында жазылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агентігі.

Оқыс оқиға 8 шілдеде Павлодар облысы Качир ауданының Теренкөл ауылында болды. Куәгерлердің айтуынша, 2003 жылы туылған қыз қолын моролы қайыққа арқанмен байлап серуендеген. Ал, қайық бірден бұрыла қалған кезде ол құлап кеткен. Қолы арқанмен байланған қыз қайықтан құлап кеткенде, ол оны судың бетімен сүйреген.

Демалыс кезінде жарақат алған қыз алғашында аудандық, содан кейін облыстық ауруханаға жеткізілді.

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз орталығының хабарлауынша, дәрігерлер жасөспірімнің сол қолын кесіп тастауға мәжбүр болған. Қазір жәбрленуші аурухананың жарақат бөлімінде жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау