Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысында 5 жасар қыз дәрігерлердің қателігінен көз жұмды

Павлодар облысында кәсіби міндеттерін дұрыс атқармаған дәрігерлер кесірінен 5 жастағы қыз қайтыс болды.

5555544444

Fotolia/Zarya Maxim

Бұл туралы Sputnik News хабарлайды.

5 жасар қыз ішек инфекциясы ауруымен 2015 жылдың тамыз айында ауруханаға түседі. Аудандық аурухананың дәрігері оң нәтижеге қарамастан балаға антибиотик тағайындайды. Бұл қызда анафилаксиялық шок тудырған. Емделушіні есеңгіреу халінен шығаруға қатысты ешқандай шара қолданбастан, оны әрі қарай ем қабылдау үшін қалаға жіберген.

За ненадлежащее выполнение своих профессиональных обязанностей, повлекшим по неосторожности смерть человека, врач Успенской райбольницы осужден на 2 года 6 месяцев лишения свободы условно, сообщила пресс-служба Успенского районного суда.

Павлодар қаласына бара жатқан жолда қыз жедел жәрдем ішінде қайтыс болады. Осы жағдайға байланысты өзінің кәсіби міндетін лайықты атқармады деп Успен аудандық ауруханасының дәрігеріне айып тағылған.

Істі қарау барысында дәрігер зардап шеккен тарапқа шығынды толықтай өтеген. Сот істі қарап дәрігерді 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, бір жылға дейін медициналық қызметпен айналысуына да шектеу қойды. Үкім заңды күшіне енбеді.

Оқи отырыңыз:

Павлодар облысында сәбиге қойылған Бату-Хан есімі үлкен дау тудырды

Бауыр доноры болған соң босанған жалғыз қазақстандық әйел дәрігерлерді таң қалдырды

 

Жалғызбасты келіншек денсаулығы үшін күн сайын еркектің ұрығын ішетінін айтты (фото)

Үндістанда ауыл тұрғындары 6 жасар баланы Құдай көріп сыйынып жүр (фото, видео)

Талқылау