Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар бір топ жігіт дәмхана қонағын өлімші етіп сабады (видео)

Әлеуметтік желіде дәмхана күзетшілерінің ақылға емес, күшке салынып, дәмханаға келген қонақты соққыға жыққан видеосы көрермендердің жағасын ұстатты.

пппххх

Видеоны Instagram әлеуметтік желісінде ztb_video акаунты жүктеген. Видеодан байқағанымыздай, автоматпен қаруланған бір топ жігіт (күзет қызметкерлері болуы керек) дәмхана қонағын соққыға жығады. Біреуі, тіпті, масайған жігітті автоматпен желкесінен періп, жерге құлатты. Осы көріністен шошынған дәмхананың өзге қонақтары, тіпті, даяшылардың өзі оларды тоқтатпақ болып, сөзбен сабырға шақырып тырысқан. Алайда ақшасын дер кезінде төлемеген масайған жігітті жауы көрген дүлейлер соққыларын тоқтатпай, жан-жақтан жабылып әлек.

Видеоның астындағы жазбада оқиғаның Павлодар қаласындағы дәмханалардың бірінде орын алғаны жазылған. Әзірге, аталған тәртіпсіздікке қатысты аталған қаланың да, облыстың да тәртіп сақшылары түсініктеме берген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Астаналық әйел мас күйінде жол апатын жасады (фото)

Павлодарда 4 жастағы қыз бен әжесі опырылып түскен асфальттың астында қалды

Алматыда мәйіті табылған студенттің неден қаза болғаны белгілі болды

Талқылау