Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Парламент Назарбаевқа тағы бір өмірлік мәртебе беретін заңды қабылдады

ҚР Парламентінің сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы заңды» қабылдады. Құжатта Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқару құқығы берілген, деп хабарлайды Stan.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев

“Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне оның тарихи миссиясына байланысты, Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ету құқығы өмір бойы тиесілі екендігі белгіленеді”, — деп жазылған заң жобасының қорытындысында.

Құжатта Қауіпсіздік Кеңесінің ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты және халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті құратын және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді үйлестіретін конституциялық орган болып табылатыны көзделеді.

Айта кетсек, Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғаныс қабілетін нығайту, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жоспарлау, қарау және олардың іске асырылуын бағалау болып табылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Бейсенбі, 31 Мамыр, 2018 10:43
Талқылау