Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еділ Сүлейменовтің заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны анықталған

Ірі көлемде пара алып жатқанда ұсталған Астана жолаушылар тасымалы басқармасының бастығы Еділ Сүлейменов жайында тағы тың ақпарат пайда болды,-деп хабарлайды 24 арна.

астана-пара

Тергеу амалдары барысында 33 жастағы шенеуніктің заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны анықталған.

Күдікті 1,5 миллион теңгеге көліктің жылдамдығын тежеу үшін жол үстіне қойылған белгілерді алып тастауға және бизнесмендерді қара тізімге енгізбеуге уәде берген. Жас шенеунік қалған 600 000 теңгені қаладағы автобус аялдамаларын жуып-шаю және бояу жұмыстарын жоғары бағалауы үшін алған. Қазір Еділ Сүлейменов қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Егер Еділ Сүлейменовтың кінәсі дәлелденсе, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

“Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 366 баптың үшінші тармағы- яғни бірнеше рет пара алу фактісі бойынша іс қозғалды. Ол кәсіпкерлерден 2 млн 100 мың теңге алған. Сот шешіміне сәйкес ол қамауға алынды. Сондай-ақ ол заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны да тергеу кезінде анықталды”, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Астана қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Данияр Мүсілімов.

 

Талқылау