Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Параканоэші Жалғас Тайкенов Қазақстан тарихындағы алғашқы Азия чемпионы атанды

21 жастағы Жалғас Тайкенов Қазақстандағы параканоэ тарихындағы алғашқы Азия чемпионы атанды, – деп хабарлайды Stan.kz.

Спортшы қорытынды айналымда 200 метрлік KL-3 жіктелімінде ирандықтан озып, алтын жүлдеге ие болды. Құрлықтық чемпионаттың қола жүлдесін тайлық спортшы қанжығасына байлады.

Азия чемпионаты Таиландта өтті. Сайыста Азияның 10 мемлекетінен 75 атлет бақ сынады.

«Параканоэ Паразиаттық ойындар бағдарламасына енген. Ендігі Жалғас 2018 жылы Индонезияда өтетін жарыстарға дайындалады», – деп жазды Оңтүстік Қазақстан еспелі спорт түрі бойынша федерациясының президенті Денис Жарменов әлеуметтік желіде.

Жалғас Тайкенов – Қазақстандағы параканоэ ойын түрінің алғашқы ашушысы. Қазіргі уақытта спортшы Оңтүстік Қазақстандағы еспелі мектепе жаттығу үстінде. Жалғас 5 жасында көлік апатына түсіп, сол аяғынан айырылған екен.

Оқи отырыңыз:

Қанат Ислам WBO рейтингінде үшінші орыннан көтеріле алмады

Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген америкалық боксшыны нокаутқа түсірді

Қазақстандық Жансая Әбдімәлік шахматтан әлем чемпионы атанды

Денис Тен Шанхайда өткен турнирде қола медальді еншіледі 

Stan.kz
Жексенбі, 26 Қараша, 2017 16:26