Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Панда өзінің торына кіріп кеткен адамға тап берді (видео)

Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Цзянси елді-мекеніндегі зообақта жас жігіт панданың торына кіріп кетті. Ол бамбукты аюды жақыннан көріп, мүмкіндігіне қарай оны ұстап, сипап көргісі келді. Алайда хайуанның өзіне тап беретінін күтпесе керек-ті.

панда напал

Видеоға сәйкес, жігіт ұйықтап жатқан панданы сипап оны оятып алады. Ұйқысынан еріксіз оянған жануар келушінің аяғына тап береді. Осылайша хайуан онымен ойнағысы келді ме әлде өз аймағын бөтен жандардан қорғағысы келді, ол жағы белгісіз.

Ал діттегеніне жеткен ер адам жануармен танысқанына қуанбаған секілді. Қорқып қалған ол тордан тезірек шығуды көздейді. Кейіннен белгілі болғандай, жігіт аман-есен жануардың үйшігінен шыққан. Бірнеше жерін ауыртып алғаны болмаса, аса қатты жараланбаған. Рұқсатсыз жануардың торныа не үшін кіргенін күзетшіге түсіндіргені туралы ештеңе айтылмаған.

Жіберіп алмаңыз:

Перзентханадан қуып жібергендіктен жүкті әйел далада босануға мәжбүр болды (видео)

Студент қыз төсін көрсетіп суретке түсемін деп полиция автокөлігіне соқтығысты

Қаңғыбасқа 100 доллар беріп аңдыған жігіт оның әрекетін көріп қайран қалды (видео)

Күйеуі әйелінің көңілдесін бопсалап біразға дейін ақша алып келген

Талқылау