Пәкістанның хиджаб киген боксшы қыздары (фото)
Пәкістандағы жалғыз мемлекеттік бокс мектебі бір жарым жылдан бері қыздарды жаттықтырып келеді. Ата-аналар қыздарын бокс мектебіне сүйікті хобби ретінде, әрі көшеде еркін, қауіпсіз жүре алуы үшін беріп жатады.
Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлайды.
17 жастағы Мисба жаттығу алдында қыздырынып жатыр.
Бапкердің айтуынша, сапалы жабдықтардың болмауы боксшылардың өсуіне кедергі келтіруде. Алайда, жақын арада мұның барлығы қолға алынбақ.
Карачи қаласында түрлі қылмыстар орын алып жатады. Сондықтан қыздардың бокспен айналысуы түрлі жағдайларда қорғануына септігін тигізді.
Мектепте жақын жердегі мектептердің оқушыларын шақырып, ашық турнирлер өткізеді.
Мектепте 20 шақты оқушы бар. Олардың жасы 8-17 жас аралығында.
Бапкер Юнус Камбрани 9 жастағы Аришаны жаттықтырып жатыр.
Мектеп Карачи қаласының оңтүстік бөлігінде орналасқан.
12 жастағы Табиа жаттығудан кейін аяқ киімін шешіп жатыр.
Суретте 16 жастағы Азмина
Суретте 17 жастағы Анум жаттығып жатыр.
Суретте 15 жастағы Мехек.
Суретте бапкердің көмекшісі Надир 15 жастағы Уроойға бокс алдындағы шлемін киюге көмектесіп жатыр.
Суретте Синд провинциясындағы 12 жастағы Табия мен 11 жастағы Аамнаның кіші ассоцияциялық турнирдегі төбелесі.
Мектептің ашылуы Пәкістан жұршылығын таң қалдырған еді. Көпшіліктің айтуынша, спорт әйел затының айналысатын ісі емес.
Ал, мұнда жас боксшы қыздар бапкерлерімен бірге тұр.