Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәкістанда басын 180 градусқа бұра алатын бала табылды (видео)

Пәкістанда Карачи қаласында тұратын Мұхаммед Самир басын 180 градусқа дейін бұра алады.

Бұл туралы Daily Pakistan басылымы жазды.

14 жасар баланың айтуына қарағанда, бұл туа біткен кемістік емес, табанды жаттығулардың нәтижесі. Ол алты жасында голливудтық фильмдердің бірінде басын осылай бұрай алатын актерге тәнті болған. Осыдан кейін ол тұрақты түрде жаттығып, бірнеше айдан кейін өз мақсатына жеткен.

Анасы әуелде Самирге ондай жаттығулар жасауға тыйым салмақ болады. “Бірақ уақыт өте келе анам мұның Алланың құдіреті екенін түсінді”, — дейді жасөспірім.

Самир әкесі ауырып қалған соң мектепке баруды қойып, отбасына көмектесу үшін қазір Dangerous Boys би тобында өнер көрсетіп жүр.


Жіберіп алмаңыз:

Бостандықты ұнатпаған жолбарыс 600 км жүгіріп қорыққа қайтып келген (видео)

Ғалымдар иттердің қандай түстерді ажырата алмайтындарын анықтады

Қытайлық жігіт сүйіктісіне 25 iPhone X көмегімен ұсыныс жасады (фото)

Адамзатты болашақта қандай өзгерістер күтіп тұр

Талқылау