Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзінен 14 жас үлкен әйелге үйленген түркістандық жігіт сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді

Махаббат жасқа қарамайды! Түркістан облысында бойдақ жігіт өзінен 14 жас үлкен келіншекке сезімін білдіріп, өзінің жүрек қалауымен сүйіктісіне үйленді. Ал, жуырда, олардың отау құрғандарына арналған тойлары өтті, дүркіреп. Бүгінде қос ғашық Кентау қаласында бақытты ғұмыр кешіп жатыр.

Өзінен 14 жас үлкен әйелге үйленген түркістандық жігіт сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

“Жүрекке әмір жүрмейді” деген осы шығар, сірә. Өйткені, өзінен 14 жас үлкен келіншекке басы бос бойдақ жігіт үйленіпті деген әңгіме бүкіл елге лезде тарады. Абдулла мен Қанатгүл әлеуметтік желі арқылы танысыпты. Таныс-білістің соңы, махаббатқа ұласқан.

«Қанатгүлге ұсыныс жасадым, отбасың құрайық дедім. Бұл қалжың деп онша мән бермеді. Енді артынан қалмадым», – дейді күйеу жігіт Абдулла Алтеке.

«Сәлем» деп жаза салдым. Бұл енді қуанып қалған ғой. «Әрең дегенде жауап келді-ау», – деп. Жаза бастайды. Сөйтіп, 2-3 күнде телефон сұрайды», – дейді қалыңдық Қанатгүл Байқұлова.

Абдулланың жасы 27-де болса, Қанатгүл жуырда 42-ге толыпты. Екеуінің жас айырмашылығы он төрт жыл. Бірақ, соған қарамастан, қос ғашық жуырда шаңырақ көтерді.

Қос ғашықтың үйлену тойы Кентау қаласында дүркіреп өтті. Оған той иелерінің тілеулес жанашырлары түгел қатысып, қуаныштарымен бөлісіпті. Екі жақтың ата-аналары да осында жүр. Мыңжылдық құда болуды көксеген қонақтарға ерлі-зайыптылар ән шырқап берген.

«Қазір қазақта айтады ғой, махаббат жасқа қарамайды деп. Негізі мен оған өзім сенемін. Қанатгүлден басқа ешкімге қарамаймын. Өзімнің әйелім, сыйлаймын», – дейді күйеу жігіт Абдулла Алтеке.

Қанатгүл жергілікті балабақшаның бірінде тәрбиеші болып жұмыс істейді. Бар уақытын балғындармен өткізеді. Солар күлсе күліп, шаттанса шалқып жүре беремін дейді. Ал, өзінің егіз баласы бар екен. Биыл, сегізге толыпты.

«Бәрі сұрайды, екі бала қайдан пайда болды деп. Мен екі баланы өзім үшін туып алдым. Оған өкінбеймін», –  дейді қалыңдық Қанатгүл Байқұлова.

Осы күні Абдулла мен Қанатгүл Кентау қаласында тұрып жатыр. Көктем шығысымен, ару қала Алматыға көшпекші. Болашаққа түзген жоспарлары да бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау