Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін “тәлпіш” әрі “мақтаншаққа” теңеген Ерке тыңдармандарын күлкіге қарық қылды (видео)

Шетелге жиі шығатын Ерке Есмахан демалыс сәттерін көрсеткен сайын тыңдармандарының сынына ұшырайды. Себебі екінің бірі бара бермейтін мекендерді көрсеткенде көпшілік Еркені “мақтаншақ” деп айыптайды.

18722097_290103181441639_1850991124865351680_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ал Еркенің өзі оған жүйкесін жұқартып, басын ауыртпайды. Ол елдің сынын байыппен қабылдауды әлдеқашан үйренген.

Дәл қазір әнші ұлымен бірге Мысырда демалып жатыр. Күні кеше Ерке желідегі парақшасына дельфиндермен ойнап жүрген сәтін жүктеп, тыңдармандарын қызықтырып қойды. Әсіресе, әншінің өзін-өзі “тәлпіш” әрі “мақтаншақ” деуі желідегілерді күлкіге қарық қылды.

Осылайша Ерке өзін сынайтын халыққа мысқылмен жауап бергісі келген.

“Ең ақылды, ақкөңіл дельфиндермен бүгін біраз ойнадық! Әп-әдемі өздері! Судың асты, судың үсті! Меніңде істемегенім қалмады-ау! Тәлпіш нағыз, мақтаншақ!” – деп жазды Ерке.

Жіберіп алмаңыз:

Лара Фабиан мен Ева Лонгория Димашты туған күнімен құттықтады (видео)

Әлем фанаттары Димаштың туған күніне тосынсый әзірлеп жарысуда (фото, видео)

Қайрат Нұртастың келіншегі «Праймдағы» оқиғадан кейін біраз қиындықтар болғанын айтты

Ерке Есмахан бұрынғы күйеуінің ұлына алимент төлемейтінін айтты

Талқылау