Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін пайғамбармын деп жариялаған азамат құдаймен кейде қалжыңдасатынын айтып елді шошытты

Абай Пішенбаев есімді азамат өзін пайғамбармын деп жариялап, тіпті құдаймен қалжыңдасатынын айтып сендіруге тырысты.

Құранда “өтірік айтып, сол ойын Аллаға телігеннен немесе ешқандай уахи келмесе де, маған уахи келді деп көкігеннен асқан залым бар ма” деген аят бар. Десе де ел ішінде өзін Алланың елшісімін деп көкитіндер көбейіп кетті.

Бұл туралы “Мәселе”бағдарламасында айтылды.

Соның бірі “арақ – Алланың адал тағамы” деп айды аспаннан бір-ақ шығарған түркістандық Нұрәлі Әмірәлиев өзін құдаймен тілдескен үшінші пайғамбармын деп санайды.

Өзін жаратқаннын жердегі хабаршысымын деп таныстырған Абай Пішенбаев та өз райынан қайтар емес. 21 жыл бұрын белгісіз тылсым күш иесімен байланысқа түстім деген азаматты алғашында жүйке аурулар ауруханасына апарған. Алайда одан ауытқушылықтар таппай, қайтарып жіберіпті.

“Алла ақырзаман таяп келеді, халық дайындалсын, дүниені тастап, дінге келсін, тым болмағанда кәлиманы үйренсін деп ескерту берді”, – деді Пішенбаев.

Ол тіпті құдаймен қалжыңдасамын, өткір әзіліне ішек-сілем қатып күлем деп қойып қалды.

“Қыз-келіншектер қысқа юбка киіп  жүреді ғой. Сол аяғы жалаңаштанып, еңкейсе арты көрінеді. Сондай кезде жаратушыға “мынандайға қалай қарамаймын?” деп айтам. Жаратушы мұны базардағы маникендер деп елестет” дейді. Маникеннің жүріп бара жатқанын елестетем деп күлем”, – дейді езуін жимай.

“Маған сенбесеңіздер, пайғамбар екеніме сенбесеңіздер, халық алдында өлтіріңіздер. Алла тағала қаласа мені үш күннен соң тірілтіп, жер бетіне періштелерімен бірге шығарады”, – дейді ол.

Бұның ақ-қарасына қатысты имамдар пікір айтты.

“”Пайғамбарымыз қиямет қайым жақындағанда дәжжалдар көбейеді. Жалғаншы пайғамбарлар көбейеді. Мен пайғамбарлардың ең соңғысымын” деп ашық баяндаған. Кей хадисте: “Менен кейін пайғамбар болғанда Омар болатын еді. Өйткені ол өте әділ сахаба. Әділетсіздікке жаны қас деген”, – дейді “Нұр Астана” мешітінің наиб-имамы Әділхан Иманәліұлы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау