Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін пайғамбармын деген ер адам кішкентай қыздарды зорлаумен айналысқан

Алты жыл бойы балаларды зорлап, басқа да қылмыстарды істеп келген 52 жастағы Ли Дональд Каплан 87 жылға сотталды.

Бұл туралы New York Post жазады.

Каплан амиша діни ұйымынан шығып кеткен Даниэл мен Савилле Штольцфусқа қаржылық қолдау көрсетіп тұрған. Сосын ол отбасының әйелдеріне жақындап, өзін пайғамбар ретінде көрсетіп, оларды Құдаймен байланысқа шығуға мәжбүрлеген.

Ал Штольцфустар болса алғыс ретінде оған үлкен қыздарын “сыйлайды”. Қыз алғаш рет 14 жасында Капланмен қатынасқа түсіпті. Анасының айтуынша кейін ол басқа да қыздарын өзіне тартқан. Және бұған отбасы еш алаңдаушылық білдірмеген.

Кейін өз қыздарын өзіне бәсекелес санаған Савилла да Капланмен жатады. Ал Капланның адвокаты болса айыпталушының кішкентай қыздармен төсек қатынасына бармағанын айтады. Дегенмен қыздардың өзі ер адамның өздерімен кішкентай кездерінен секске түскенін айтып беріпті. Барлық қыздар және олардың аналары Капланды күйеуіміз деп санаған.

Даниэль мен Савилла Штольцфус балаларының денсаулығын қауіпті жағдайға жеткізгені үшін жеті жылға сотталды. Ал Каплан болса сот үкімімен 87 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз:

Украина мектептері оқушыларды тек украин тілінде оқытады

Мьянмадан қашқан рохинджалардың ахуалы қандай?

Өзін ашық геймін деп жариялаған шешен жігіті туралы репортаж пайда болды

Бүкіл отбасын асырап отырған 13 жастағы қырғыз қызы халықаралық сыйлыққа ұсынылды

Талқылау