Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маған ұнайды: Баян Алагөзова өзін жасына сай киінбейді деп сынағандарға жауап берді

Жыртық джинсы шалбар кигені үшін көпшіліктің сынына ұшыраған продюсер Баян Алагөзова өзін жасына сай киінбейді дегендерге жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Баян Алагөзова

Баянның айтуынша оған киімін сынап тек «ерінген адам» ғана жазбаған.

«Қалай ұялмайсыз?», «Жасыңызға сай киініңіз», «Не үшін жас көрінуге тырысасыз?», «18-де емес екеніңіз бәрі-бір көрініп тұр», – деп жазған сынап пікір қалдырғандар.

Өз сөзінде Алагөзова өзінде “жасыңа сай киіну” немесе “болмайды” деген түсінік жоқ екенін айтты.

«Мен өз жасымды білемін. Алайда мен  «жасыңа сай киін» деген түсінігіңізді түсіне алмаймын. Егер біреудің жасы 40-тан асса, оған пішінсіз кең көйлектер киген, басына орамал таққан ұнаса, бұл маған кедергі келтірмейді. Өзіңізді қандай киімде әдемі, қалаулы немесе ашушаң, шаршаған әйел сезінсең, сол киімді киіңіз. Мен өзіді кез-келген киімде жақсы сезінемін. Тіпті, еденге дейін төгіліп тұратын көйлектен бастап, жыртық джинсыға дейін. Менде жас деген түсінік жоқ, адамның жасы оның басындағы ережелерде. Менде «болмайды» деген ұғым да жоқ. Иә, бастысы өзіме ыңғайлы, өзіме ұнағанның, бәрі болады. Және сіздерге де өзгенің пікірімен өмір сүрмеуге кеңес беремін. Және бұл стиль мәселесіне ғана қатысты емес», деп жазды Алагөзова.

Сондай-ақ, Баян Мақсатқызы адамдардың өзіне қойған шектеулері мен тыйымдары армандап, алдына мақсат қоюға кедергі болатынын айтты. Сондықтан өмір сүріп, қолыңыздан келгенін жасап, қуанып, жақсы көріп, өзіңіз де сүйікті болыңыз, дейді ол.

«Әйтпесе, орындалмаған армандар, ашушаңдық, негатив, өзін және өзге бақытты адамдарды қабылдай алмаудың бәрі жоғарыда аталған тыйымдардан басталады.

Біз өзімізді жақсы көрмейміз. Мәселе осында. Мен сіздерді өзіңізді жақсы көруге үйретейін деп жатқаным жоқ. Тек әлдекімнің көңіл-күйін бұзу арқылы, өзіңізді қабылдай алмаудың тұтқыны боласыз. Өзгенің кемшілігін бетіне басу арқылы өз кемшілігіңіздің көрсетіп қоясыз. Өз басыма келсек, маған бәрі-бір немесе бәрі тамаша», – деп түйіндеді продюсер.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау