Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзге ел бізге күледі: Астаналықтар көмір үшін шу шығарды

Бұл вагоннан төгіліп жатқан Шұбаркөл кен орнынан қазылған  көмір. Астаналықтарға арман болған отын түнде жеткізілді, деп хабарлайды КТК.

Ал, таң ата қоймалардың алдында ұзын сонар кезек. Көмір келді дегенді естіген жұрт тайлы-тұяғы қалмай осында жүр.

Бірақ, көп күттірген өнімді алу оңайға соққан жоқ. Өйткені, үйін пешпен жылытатын тұрғындардың басым бөлігі осы уақытқа дейін отын алмай осы Шұбаркөлді күтіп жатыпты. Енді көмір келгенде жаппай қоймаларға тұра ұмтылған. Сондықтан клиенттің көптігінен жұрт қақпа алдында сағаттап тұруға мәжбүр.

“Көмірдің жетері-жетпесі белгісіз. Ал, көмір бәріне керек. Көмірдің отанымыз. Өзімізде көмір жоқ бірақ. Бұл қят емес пе? Венесуэлла мен Вьетнам, т.б. өзге елдер бізге күледі”, – дейді Хусейн Исмаилов.

-Кезекте қанша уақыт тұрсыз?

–Таңертеңнен тұрмын.

–Неше сағат

– 3-4 сағат.

-Енді не істейміз? Алу керек бәрібір көмірді. Тұрамыз.

Премьер-министрдің қала әкімі Әсет Исекешовке айтқан сынынан кейін бе, әйтеуір бір түнде Елордаға 5600 тонна әкелініпті. Сатушылардың айтуынша, бұл қазіргі сұранысты қамтуға жеткілікті. Ал, бағасы тапшылық кезіндегідей емес, сәл арзандаған.

“Он бір жарымнан сатылып жатыр. Әр машинаға чек беріліп жатыр. Тапшылық жоқ, жетеді бәріне”, – дейді көмір қоймасының қызметкері Алтынбек Есжанов.

“Десе де қара отын бәріне жетеді дегенге астаналықтар сенбейді. Тіпті, тағы тапшылық бола ма деп қорқып отыр. Сондықтан түні бойы кезек күтеміз деген жұрт орын үшін таласып жанжал шығарып жатыр.

Ал, кезегін күтіп зорға дегенде қара отын алғандардың қуанышында шек жоқ. Камаздан төгілген көмірін жерден сыпырып алып кетіп жатыр. Ал, әкімдік болса, бағаны қадағалап, қымбатшылыққа жол бермейміз деп сендіруде. Бірақ, 11 мың 500 теңге тұратын Шұбаркөлді алып-сатарлар 14-15 мыңнан сатуға кіріскен. Қаражыра, Богатырь секілді кен орнынан шығатын өзге отын түріне болса, сұраныс аз.

“Басқа көмір түрін де алып келуге болар еді. Бірақ, тұрғындардың көбі тек қана Шұбаркөлді сұрайды. Өйткені, жылуы жақсы, қалдығы аз. Сондықтан, отынның осы түрін тасымалдауды арттырамыз”, – дейді Астана қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жетекшісі Рысгүл Қауғабаева.

Яғни, осы сұраныстағы көмір енді күніне 21 вагонмен Астанаға жеткізіліп тұрмақ. Шенеуніктер бұл тапшылықты жойып, сұранысты қамтуға жететініне.

Тағы да оқыңыз:

Ғалымдар ертедегі викингтердің мұсылман болғанын дәлелдеді

Путин мен Назарбаев Қазақстанды ғарыш державасына айналдырмақ

Тыр жалаңаш күйі көлікке асылып видеоға түскен қыз абайсызда ажал құшты

Талқылау