Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда тойға келген 170 адам астан уланып қалды

Өзбекстанның Бұхара облысы, Ромитан ауданында болған үйлену тойы кезінде 170-ке жуық адам астан уланып қалды.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабар таратты.

Қазіргі кезде 94 адам ауруханада жатыр.

“Бұхара облысы, Ромитан ауданында адамдардың жаппай астан улану жағдайы тіркелді. Жергілікті медициналық орталықтың жұқпалы аурулар бөліміне 166 адам қаралған. Қазіргі кезде олардың 94-і ауруханаға жатқызылды”, – делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, зардап шеккендердің барлығы 25 қыркүйек күні кешке тойға келіп, жұмыртқа қосылған варениктер жеген.

“Қаралушылардың жағдайлары қанағаттанарлық, ауыр науқастар жоқ. Барлығына жеткілікті деңгейде медициналық көмек көрсетіліп жатыр”, – деп мәлім етті министрлік.

Оқи отырыңыз:

Украина мектептері оқушыларды тек украин тілінде оқытады

Мьянмадан қашқан рохинджалардың ахуалы қандай?

Өзін ашық геймін деп жариялаған шешен жігіті туралы репортаж пайда болды

Бүкіл отбасын асырап отырған 13 жастағы қырғыз қызы халықаралық сыйлыққа ұсынылды

Талқылау