Өзбекстанда салмағы 6 тонна болатын палау асылды (фото)
17 тамыз күні Ташкент облысындағы Алмалық қаласында Өзбекстандағы ең үлкен палау асылды. Сарапшылар бақылап тұрған рекордты тамақтың салмағы алты тоннаны құраған.
Фото: UZ24
Бұл туралы UZ24.uz хабарлайды.
Палауды диаметрі 4,2 метр, жалпы сыйымдылығы 8 мың литр болатын тау-металлургиялық комбинатында орналасқан қазанда дайындаған. Қазанның өз салмағы 7070 келі, тереңдігі – 1 метр. Ал қазан орналастырылған ошақ 3 тонна екен.
Палауды дайындау үшін рекордтық деңгейдегі азық-түлік қолданылған.
Сиыр еті – 826 келі, қой еті – 825 келі, қойдың майы – 195 келі, ең басты тағам күріш – 1650 келі.
Сондай-ақ, қазанға 2400 келі сәбіз, 185 келі пияз, 350 литр өсімдік майы, 480 келі тұз салынған.
Палауды дайындау үшін елдің түкпір-түкпірінен 50-ден астам танымал аспаздар шақыртылыпты. Дайын палау тағамы Алмалықтың 22 000 тұрғыны мен қонақтарына таратылған.
Ал жалпы, іс-шараны ұйымдастырумен күн-түн демей әртүрлі мамандық иелерінен жиылған 150 адам жұмыс істеген.
Айта кету керек, бұл палау әлемдегі ең үлкен палауды асуға деген дайындық іспетті өткізіліпті. Әлемдік рекордты орнатуға деген талпыныс 8 қыркүйек күні “Өзбегім” дәстүрлі мәдени фестивалі аясында жасалмақ.
Оқи отырыңыз:
Барселонада теракт болып, 18 елдің азаматтары зардап шекті
52 жастағы ер адам өз жүрегіне 9 сантиметрлік шеге тығып алды
Қынадан сақ болыңыз: Татуировка жасатқан қыздың ата-анасы жұртқа жан айқайын жеткізді
Жас жігіт өзін мазақ еткен жеткіншектен кек алу үшін оның анасымен төсектес болды

Министр Нұртілеуді ұстады деп жалған ақпарат таратқан Orda.kz құрылтайшысы кім және оны қандай жаза күтіп тұр?
