Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда перзентхана қызметкерлерінің шала туған сәбилерді пешке өртеп келгені анықталды

Самарқандта перзентхана қызметкерлерінің шала туған сәбилерді пешке өртеп келгені анықталды.

Өзбекстанның Самарқанд қаласында жеке емхана заңсыз түсік жасап келген. Қызметкерлер жаңа туған сәбилерді сатып, кейбірін өлтірген, деп жазады жергілікті “Хукук” газеті.

Былтырғы жылы перзентханананың пешінен 4 баланың түсік жасатылған денесі табылған.

«16 наурыз күні кезекші дәрігер хабарласып, муфельді пеш ішінен түсік жасатылған шарана денелері табылғанын айтты. Оны пешті тазаламақ болған санитар қызметші байқаған. Пештен 4 сәбдің денесі болған», – дейді емхананың бас дәрігері Илхом Хазраткулов.

Оның айтуынша, түсікті екі емханада жасаған. 5-6 айлық сәбилерге түсік жасатқан.

«Оларда муфельді пеш болмағандықтан, біздікін пайдаланған. Түсік жасатылған денелерді санитарға беріп, ол пешке тастап отырған. Сол күні газдың аз болуына байланысты денелер жанбай қалған. Сәбилер медикаментозды түсік арқылы алынып тасталғандар. Әдетте 6-7 айлық сәбилерді құтқаруға болады», – дейді Хазраткулов.

Басылым мәліметінше, тірі туған сәбилерді 500-2000 долларға баласы жоқ ерлі-зайыптыларға сатқан.

Емхананың бас дәрігері 13 жыл, 2 айға қамалды. Перзентхананың бірнеше қызметкерлері сотталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау