Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда 22 жастағы жігіт министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 22 жастағы Әлішер Садуллаевты халықтық білім беру министрінің орынбасары қызметіне тағайындады.

2017-07-02-06

Бұл туралы өзбекстандық «Коммерсант» порталы хабарлады.

Селекторлық жиналыс кезінде халықтық білім беру министрі Улугбек Иноятов өзінің су жаңа орынбасарын елге таныстырды.

Жас жігіт «Камолот» съезі кезінде Өзбекстанда шет тілдерін оқытуды жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтып, Шавкат Мирзиёевтің көзіне түскен. 30 маусым күні өткен съездте Өзбекстан президенті жас маманның біліктілігін атап өткен.

Айта кетейік, Әлішер Садуллаев 1994 жылдың 11 шілдесінде Джизак облысының Джизак ауданында дүниеге келген. Ол Ташкенттегі менеджментті дамыту Сингапур институтын (MDIST) бітірген. Бұған дейін ол Result оқыту орталығының директоры қызметін атқарды.

Жіберіп алмаңыз:

Полицейлер темекі қалдығының арқасында адам өлтірген қылмыскерді тауып алды

Францияда бетперде киген қылмыскерлер мешітке келушілерге оқ жаудырды

Өліммен аяқталған демалыс: Қырғызстанда екі журналист Беш-Таш өзеніне батып кетті

Танымал бизнесмен дөрекі сексуалдық ойын кезінде қайтыс болды

Талқылау