Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстан президентінің қызы лауазымды қызметке тағайындалды

Өзбекстан президентінің үлкен қызы Саида Мирзиёева басшылық қызметке тағайындалды. Ол ақпарат және бұқаралық коммуникация агенттігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz аталған агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Өзбекстан президентінің қызы лауазымды қызметке тағайындалды"Жұма, 12 сәуір күні алқа отырысында агенттіктің жаңа басшылығы таныстырылды. Оның ішінде агенттік директорының орынбасары - Мирзиёева Саида Шавкатовна", - делінген агенттіктің Telegram-дағы арнасында.

Агенттіктегілердің айтуынша, Саида Мирзиёева PR-орталық қызметін басқарады. Аталмыш орталық Өзбекстанның шетелдегі имиджін қалыптастырумен айналысады, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерімен жұмыс істейді. 

Қаңтар айында президенттің кіші қызы - Шахноза мектепке дейінгі білім беру министрлігінде, мектепке дейінгі мекемелердің қызметін ұйымдастыру басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын. 

 

Stan.kz
Сенбі, 13 Сәуір, 2019 17:24