Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстан президенті Инстаграмнан парақша ашты

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев әлеуметтік желідегі белсенділігін жоғарылатып жатыр. Ол жақында ғана Инстаграм желісінен парақша ашқан.

9898

Бұл туралы gazeta.uz хабарлайды.

Қазіргі таңда президенттің Facebook, Twitter, Instagram және Youtube, Telegram-канал желілерінде аккаунттары жұмыс істеп тұр. Ал Фейсбуктегі парақшасында мемлекет басшысының әлеуметтік желілердегі аккаунттарының тізімі жарияланған.

Инстаграмға президент алғашқы суретті 10 тамызда жүктеді. Қазіргі кезде парақшада әртүрлі ресми шаралардағы 36 фото бар. Ал парақшаға қазірге дейін 14 мың адам жазылған.

Ал 19 тамызда ашылған Telegram желісіне 4375 адам тіркеліп үлгеріпті. Парақша өзбек және орыс тілдерінде жүргізіледі. Онда негізінен президенттің ресми іссапарлары мен кездесулері баяндалады.

Оқи отырыңыз:

Америкалық журналистер Виктор Храпуновтың былықтарын ашуға белсене кірісті

Перзентханадағы лифтке қысылып қалған жүкті әйелдің денесі екіге бөлініп кетті (фото)

Кеудесінің төмен бөлігі жоқ кемтар жігіт намаз оқып жұртты елжіретті (видео)

АҚШ-та екі басты тасбақа табылды (фото)

Талқылау