Өзбек әншісі ұятсыз роликке түскені үшін сахнадан өмір бойына шеттетілді

Сәрсенбі, 13 Шілде , 2016 8:39

Танымал Өзбекстан әншісі Тамила ашық бейнероликке түсуі себепті енді үлкен сахнаға қайта орала алмайды.

10928197

Сурет newskaz.ru

Бұл туралы podrobno.uz хабарлайды.

Әншінің сахнадан шеттетілгенін “Өзбекнаво” мемлекеттік эстрадалық бірлестіктің бас директоры Фарход Джураевтың өзі мәлім етті.

“Тамила ешқашан лицензия ала алмайды, не үшін екенін білесіздер”, – деді журналистер сұрағына жауап берген Джураев.

Оның сөзінше, жуырда ғана ол әншімен оның сахнаға оралуы туралы әңгімелескен. Бірақ, ол бұлай етудің еш жөні жоқ екеніне тағы көз жеткізеді. Осылайша ол әншіге дәрігерге қаралуға кеңес берген.

“Оның бала кезден келе жатқан қандай да бір ауытқушылығы бар секілді, әйтеуір дұрыс емес. Ол сахнаға емес, психологқа бару керек”, – деді “Өзбекнаво” басшысы.

Еске сала кетсек, әнші Тамила төңірегіндегі дау (шын есімі Эсмеральда Рахматова) Өзбекстанда 2016 жылдың басында басталған еді. Дауға оның жалаңаш күйде әуесқой бейнероликке түсуі себеп болды. Бұдан соң “Өзбекнаво” Тамиланың өз елінде және шет елде концерт беру құқығынан шектеген еді.

Әншіні қорғау үшін бірқатар оның әріптестері мен желі қолданушылары атсалысқан. Олар видеода оның жеке өмірі, ал шығармашылығына еш қатысы жоқ дейді. Дау шыққан соң әнші Қазақстанға келді деген де ақпарат жарық көрген болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Егерде қазақстандық тар қабылдағ
    ан болса онда оңбайды

  • Анонимно says:

    Қазақстан проходной двор!!!!

  • Анонимно says:

    Озбекстаннан куылганннын бары бызге келетыны несы.

  • Жәнібек Амантай ұлы says:

    Ал,біздікілер жалаңаш кинога тусип жур.

    • Наркес says:

      Иа, тіпті кейбір қыздардың әкелері арсызданып, “қызым сен барыңды көрсету керексің” депті дегенді де естіп, олар ертең өз қыздарына қандай үлгі болар екен деп ойланып қаласың, еріксіз! Жалаңаш киноға тусу көйлексіз отырып әке-шешесіне шай берумен бірдей емес пе?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар