Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз ұлын өлімге қиған әкеге 20 жылға бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр

Өз ұлын өлімге қиған әке 20 жылға бас бостандығынан айырылу мүмкін. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Өз баласын ұрып, жол бойында тастап кеткен алматылыққа қатысты тергеу ісі аяқталды. Тергеу кезінде жиналған алты томдық материалдар сотқа берілді. Мұрат Асқарұлы 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ер адам өз баласына қастандық жасады деп күдіктелуде. Ол тамыз айында “Денсаулыққа қасақана ауыр кесір тигізу” бабы бойынша тұтқындалған еді. Сосын бұл баб аталған бабтан да күрделісіне ауыстырылды.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға жазда орын алды. Төрт жасар Мұхаммедті адамдар жол маңынан тауып алды. Бала есін білмей, көрпеге оралып жатыр еді. Әкесі баланы көілктің қағып кеткен сөз еткен. Алайда, кейіннен Мұхамедке өз әкесінің кесірі тигені белгілі болды. Мас әке баланың еркеліктерін көтере алмай, оның басын таспен ұрған.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау