Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз тойына тікұшақпен келмекші болған қалыңдық апатқа ұшырап, ажал құшты (видео)

Қалыңдық күйеужігітіне тосынсый жасамақ болып, өз тойына тікұшақпен келмекші болады. Алайда орта жолда тікұшақ құлап түсіп, 32 жастағы әйел өз тойы күні көз жұмды.

THP_MDDG_060717Youtube_1430JPG

Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror жазды.

Оқиға Бразилияның Сан-Паулу қаласында болды.

Роземир до Наскименто Силва (Rosemere do Nascimento Silva) оқыстан болған оқиғадан көз жұмды. Онымен бірге ұшқыш, ағасы мен ішінде алты айлық сәбиі болған фотограф әйел де бақилыққа аттанды.

Роземир өзін шіркеуде күтіп тұрған күйеужігіті Удирли Дамашеньоны таңғалдырмақшы болыпты.

Енді полицейлер авиа-апаттың себебін анықтауға тырысып жатыр.

«Біздің елде барлық қалыңдықтар өз тойына тікұшақпен келуді армандайды. Бұл ретте күйеужігіт тосынсый туралы білмеуі қажет», – дейді той ұйымдастырушысы Карлос Эдуардо.

Ал тойға жиналған 300 қонақ пен күйеужігіт апат туралы біраз уақыттан кейін білген. Батиста есімді жақындарының бірі тікұшақтың келісілген жерге қонбағанын көріп, бұл туралы көпшілікке хабарлапты.

Ал дәл той күнінде сүйіктісінен айырылып қалған күйеужігіт шоқ күйіне түсіп, абдырап қалды.

Айта кетейік, «Робинсон 44» тікұшағы шамамен той болатын жерден бір миль (1,17 км) қашықтықта құлаған. Апатқа ұшыраған жандарды  сегіз бірдей өрт сөндіру қызметі құтқаруға тырысқанымен, тікұшақта отырған төрт адам да көз жұмды.

Жіберіп алмаңыз:

“Солай болып қалды”: 13 жастағы оқушы қыз ағасынан бала тапқанын мойындады

Криштиану Роналду жаңа туған егіздерін көрсетті (фото)

78 жастағы қазақстандық рэпер-әже бүкіл әлемге танылуда (видео)

15 жігітке зорландым деп жар салған әйел түрмеге отырды

Талқылау