Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Өз өмірін қатерге тікті": Таразда өрт сөндіруші биіктен секіріп өлмек болған қызды құтқарды (видео)

Таразда биіктен секіріп өлмек болған қыздың құтқарылған сәтінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.

"Өз өмірін қатерге тікті": Таразда өрт сөндіруші биіктен секіріп өлмек болған қызды құтқарды (видео)

ТЖК мәліметінше, 15 сәуірде полицейлер Тараздағы «Бокс сарайының» маңындағы құрылысы әлі бітпеген ғимаратта бір қыздың суицид жасауы мүмкін екенін хабарлаған. 

Оқиға орнына Жамбыл облыстық ТЖД-ның 19 қызметкері жетті. Сонымен қатар 5 техника жеткізілді.  

Желіде пайда болған видео кадрларынан қыздың ғимараттың шетінде теріс қарап тұрғаны байқалады. Оны құтқару үшін өрт сөндіруші жоғарыға көтерілуде. Ал төменгі қабатта басқа да құтқарушылардың қызды сақтандыруға тырысып жатқаны көрінеді. Төменде созылмалы тент орнатылған. 

Видеодан байқалғандай, осы кезде жоғарыға көтерілген құтқарушы қызды ішке қарай итеріп жіберді.

 

«Өрт сөндіруші-құтқарушы, азаматтық қорғаныс сержанты Азамат Көпбосынов өрт сөндіру автобаспалдағымен 5-қабатқа көтеріліп, өз өмірін қатерге тігіп, суицидтің алдын алып, қыздың өмірін құтқарды», - дейді ТЖК-дағылар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр