Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз қолымен құрақ көрпесін жаңартқан Жанар Айжанова қандай қуанышқа дайындалып жүр?

Танымал әнші Жанар Айжанова өз қолымен құрақ көрпе тіккенін айтты. «Шеше көрпе қопсытса, қыз кетеді деуші еді», – дейді әншінің өзі, деп жазады Stan.kz.

Өз қолымен құрақ көрпесін жаңартқан Жанар Айжанова қандай қуанышқа дайындалып жүр?

Жанар Айжанованың сөзінше, ол базарға барып, мата сатып алып, үйіндегі 8 көрпенің тысын өз қолымен тігып шыққан. Көк инені артынан түртпейтін әйел болмайды, дейді әнші.

«Бір пысықтығым ұстап кетпесі бар ма. Базарға бардым, матаны таңдап жүріп алдым. Ұзын сөздің қысқасы, 8 көрпенің тысын ауыстырып, дайындап қойдым. Енді бір қолым тигенде қалған көрпелерімді де жасап алармын, бұйырса», – деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Әншінің өзі бұл әрекетін жақсылықтың нышанына балаған. Ол жалғыз қызы Айжұлдызды құтты орнына қондыратын қуанышты күнін күтіп жүрген тәрізді.

«Шеше көрпе қопсытса, қыз кетеді деуші еді. Бір жақсылықтың нышаны шығар деп жорып қойдым. Алла біледі, пендесінің ойы ғой.

Айтайын дегенім қыздар ерінбеңдер, көк инені артынан түртпейтін әйел болмайды. Тек ынта болса болғаны. Мен де шебер емеспін, бірақ анда-санда жамау жамайтыным бар», – дейді Жанар Айжанова.

 

Айта кетсек, әншінің жалғыз қызы бар. Қызы Айжұлдыз Адайбекова көпшілікке актрисалық қырымен де танымал.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау