Ойда-жоқта баспаналы болғанын естіген көпбалалы ана көз жасын тыя алмады
Астаналық кәсіпкер Жандар Садықовтың қолынан пәтер алған көпбалалы ананың қуанышы қойнына сыймады. Ойда-жоқта баспаналы болғанын естіген ана көз жасын тыя алмай жылады.
Бұған дейін кәсіпкер Жанда Садықовтың көмекке мұқтаж көпбалалы отбасы Қарабаевтар әулетіне пәтер алып беретіні туралы хабарлағанын, кейін көпбалалы отбасыға айтқан уәдесі бойынша баспана сыйлағанын хабарлаған едік.
Қарабаевтар отбасының баспаналы болған сәтін Тәңірберген Бердоңғаров желідегі парақшасында жариялады.
Кәсіпкер 7 баланы жалғыз өсіріп отырған анаға пәтер кілтін табыстады. Шымкент өңірнен көшіп келген отбасы 7 жылдан бері пәтер жалдап тұрған. Екі баласы мылқау болғандықтан, арнайы мектепте оқыту үшін Шымкенттен көшуге мәжбүр болған екен. Әйел көпбалалы болғандықта күнделікті азық-түлікке көп ақша кететінін айтты.
“Екі балам сөйлемейтідіктен мүгедектік ретінде жәрдемақы алам. 7 бала болған соң күнделікті тамағына 4 мың теңге кетеді. Балаларымның болашағы қалай болады деп ойлаймын”, – дейді көпбалалы ана.
Бұл сәтте кәсіпкер үйге кіріп келіп, қуанышты жаңалықты хабарлады. Отбасына баспаналы болуымен құттықтады. Осы отбасына пәтер алып қойғанын мәімдеді.
Көпбалалы ана қуаныштан, көз жасына ерік берді.
“Балаларым біз қашан жаңа үйге көшеміз. сыныптастарым жақсы үйе тұрады. Біз қашан солар секілді үйде тұрамыз деуші еді. Жақсы болды. Менен бұрын балаларым қуанатын болды. Сізерге көп рахмет, Алланың нұры жаусын. Алла разы болсын”, – деді ол ризашылығын білдіре.
Кәсіпкер Қарабаевтар отбасына пәтерді Қосшы ауылынан алып берді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.