Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Отты қайта тұтатқым келмейді”: “Меломен” жігіттері мен Жігер Ауыпбаев татуласты (видео)

«Меломен» жігіттері мен Жігер татуласты. Осыдан бір жарым жыл бұрын бойзбендтен кеткен Ауыпбаев, өзі түлеп ұшқан ұжымның есеп беру концертіне қатысып, қалың көпшілікті тәнті етті. Тіпті бұрын бір топта ән салған өнерпаздар дуэт орындауды құп көрген. Алайда, соңғы бір жылда қарым-қатынасы үзілген достардың қазіргі сыйластығы оңала бастаған сыңайлы. «Меломен» тобының кешіне Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі де қатысып қайтан еді.

"Отты қайта тұтатқым келмейді": "Меломен" жігіттері мен топтан кеткен Жігер Ауыпбаев татуласты (видео)

«Бұл кеште Жігердің болуы керек болды. Себебі «Меломен» тобындағы бауырымыз. Біз бұл топтың іргетасын бірге қаладық. Бүгін бірге ән орындадық. Әлі де талай бірге әндер орындаймыз. Бірақ енді Жігердің бөлек кетуі ол үшін тағдыр және топтың да тағдыры», – дейді «Меломен» тобы.

"Отты қайта тұтатқым келмейді": "Меломен" жігіттері мен топтан кеткен Жігер Ауыпбаев татуласты (видео)

Жігіттердің сөзін Жігер растап отыр. Кеште ерекше ностальгияға бөленген Ауыпбаев өткен шақтағы өкпе-ренішті ұмытып, қазіргі қарым-қатынастың жақсарғанын растады.

"Отты қайта тұтатқым келмейді": "Меломен" жігіттері мен топтан кеткен Жігер Ауыпбаев татуласты (видео)

«Бұл кеш көптен күткен күн болатын. Бірақ мен топтан кеткен кездегі «Меломен» тобы мен қазіргі кезі екеуі екі бөлек. Қазір бауырлармен арадағы бауырмашылық артып, өте керемет болып келе жатыр. Бәрі жақсы. Өнерде бірге жүрміз, қарым-қатынасымыз өте керемет. Бұрынғыдай барлығы түзелді. Мен топтан кеткендегі кез жабулы қалу керек. Қайтадан артқа оралмасақ болады. Себебі жүректегінің барлығы емделіп, өте керемет болып келе жатқан кезде, отты қайтадан тұтатып, өршіткім келмейді. Оның бәрі өтті. Қазір өздеріңіз көргендеріңіздей арамыз жақсы», – дейді Жігер Ауыпбаев.

 

Жеке кешті өткізу «Меломен» ұжымының қалтасын біраз жұқартқан. Оны жігіттер жоққа шығармайды. Бұл концертке Сәкен Майғазиев қаржылай қолдау көрсеткен көрінеді. Ролан, Қайрат, Ғабит материалдық тұрғыда да демеу берген «Музарт» тобының әншісіне сахнада алғысын білдірді.

"Отты қайта тұтатқым келмейді": "Меломен" жігіттері мен топтан кеткен Жігер Ауыпбаев татуласты (видео)

«Сәкен ағамыз «Меломен» тобы құрылғалы өзінің ағалық ілтипатын көрсетіп жүр. Өмірдегі және өнердегі жанашыр ағамыз. Бізді арнайы шақырып: «Жігіттер, концерт барысында мына жерде мынадай қателік болады, ана жерде мынау дұрыс болады» – деп ақылын айтқаны былай тұрсын, қолымызға мынау менің кештеріңе қосқаным болсын деп демеушілігін де көрсетті», – дейді «Меломен» тобы.

"Отты қайта тұтатқым келмейді": "Меломен" жігіттері мен топтан кеткен Жігер Ауыпбаев татуласты (видео)

Інілерінен ағалық қамқорлығын аямайтын Сәкен Майғазиев жасаған жақсылығын жария қылмауға тырысқанымен, бұл жолы «Меломен» тобы үшін жомарттық танытқандығын жасырмады.

"Отты қайта тұтатқым келмейді": "Меломен" жігіттері мен топтан кеткен Жігер Ауыпбаев татуласты (видео)

«Шыны керек ондай кезде адамға рухани да, қаржылай да көмек ауадай қажет болады. Өзіміздің басымыздан өтті. Жеке концертімде де сондай болды. Кейбір азаматтар, өнерде қасымда жүрген жігіттер, өмірдегі өнерге қатысы жоқ, өзім араласатын жігіттер мынау концертіңе қосқанымыз деген кезде, кез-келген адам қуанып қалады. «Меломен» тобын бір апта бұрын шақырып алып, дастархан жайып, кішігірім батамды беріп, өмірдегі азды-көпті тәжірибеммен бөлістім. Кез-келген жерде інілік ізетінен жығылған емес. Тіпті топ құрылатын кезде бірінші менің үйіме келіп, менен бата алып кеткені әлі есімде. Сондықтан, жасыратыны жоқ миллиард берсе де жарасатын жігіттер, інілерім. Сондай бір миллиардер болмасақ та, осы концертке азды-көпті көмегім болсын деген ниет қой», – дейді Сәкен Майғазиев.

"Отты қайта тұтатқым келмейді": "Меломен" жігіттері мен топтан кеткен Жігер Ауыпбаев татуласты (видео)

Бұл «Меломен» тобының ең алғашқы есеп беру кеші болатын. Жігіттер 2019-да аталмыш ұжымның 10 жылдық мерейтойын дүркіретіп өткізуді жоспарлап отыр.

 

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау