Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өте маңызды қадам": Димаш Құдайберген ресми сайтын ашты

Димаш Құдайберген ресми сайтын ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің веб-сайтын іске қосты. dimashinfo.com деп аталатын жеке сайт өнер иесінің тыңдармандарына арналады. Талантты әншінің өмірі мен шығармашылығынан хабар беріп отыратын бұл жоба бұрыннан бері сұраныста жүрген болатын. Енді, сүйікті әншілеріңіз туралы нақты, тексерілген ақпараттарды алып отыруларыңызға болады.

"Сайттың ашылуы Димаш Құдайбергеннің командасы үшін өте маңызды қадам. Бұл жерде әншіге қатысты соңғы ақпараттардың барлығын алуға мүмкіндік болады. Димаш Құдайбергеннің өнер көрсететін кештерінің афишасын, кездесулері мен жұмыстарының жоспарын, қатысатын іс-шараларын сайттан біліп отырасыздар", - дейді Димаш Құдайбергеннің командасы. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергеннің Ақтөбенің 150 жылдық мерейтойында неге ән айтпағаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау