Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Өте қызғаншақ: Белгілі нумеролог Айқын мен Жұлдызға шыдамдылық танытуға кеңес берді
Жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали отбасы мен жеке өміріне қатысты көп ашыла бермейді. Тіпті, әлеуметтік желіде отбасылық суреттерін жариялауды сиреткен. Ерлі-зайыпты мұны жеке өмір құпия болып қалуы тиіс деген сыңайда түсіндірген еді. Ал белгілі нумеролог Клара Күзденбаеваның сөзінше, Айқын мен Жұлдыз өте қызғаншақ жандар екен.

Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Олар бір-біріне тартылып тұрады. Иә, жұлдызды жұптың нумерлогиясын зерттеген Клара Күзденбаева осылай дейді.
«Оларда сандар сәйкестігі байқалады. 10 және 10. Екеуі де бір күні туған. Яғни, олар бір-біріне тартылып тұрады деген сөз. Алайда, менің айтатыным, екеуі де өте қызғаншақ. Содан тезірек арылып, шыдамды болғандары жөн. Энергиялары да тасып тұрады екен. Бірақ, қуантарлығы, қарым-қатынаста бір-бірімен тең» – дейді нумеролог Клара Күзденбаева.
Еске сала кетсек, таяуда Айқын “Сен мендіксің” деп аталатын жаңа бейнебаянын таспалап, оған екінші жары Жұлдызды түсірген еді.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен