Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасым үшін қорықтым: Тоқмәди банкир Тәтішевті өлтіргенін мойындады

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында БТА банктің бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін күдікті Мұратхан Тоқмадиге қатысты сот ісі басталды.

Сотталушы өзінің кінәсін толық мойындады, деп хабарлады BNews.kz.

Сот жабық түрде өтті. Сонымен бірге, айыпталушының қорғаушысы сот залында фото және бейне жазбаларын түсіруге тыйым салу туралы өтініш берді.

Айта кетейік, 2007 жылы Тараз қалалық соты Тоқмәдиді Ержан Тәтішевтің өліміне байланысты жазадан босатты. Ол кезде Тоқмәди банкирді абайсызда өлтіріп алды деп танылды.

Алайда бұл жолы Тоқмәди Тәтішевті өлтіргенін және бұл ісіне өкінетінін айтты.

“Мен кінәмді мойындаймын”, – деді Тоқмәди сотта.

Айтуынша, оның отбасына Мұхтар Әблязов қоқан-лоққы көрсеткен. Судьяға жауап беру барысында Тоқмәди бәрінен бұрын отбасы үшін алаңдағанын айтты.

“…Отбасы мүшелері тарапынан да доқ көрсетілді. Оны шынайы қабылдадым, себебі оның байланысы бар екенін білемін. Менің ондай мақсатым болған жоқ. Тек отбасым үшін алаңдадым”, – деді Тоқмәди сотта.

Сотталушы банкирді өлтіргені үшін екі рет сыйақы алғанын жасырмады. Алғашқысында, 2004 жылы ол 2 миллион долларға ие болыпты. Бұл сомманың көп бөлігін несие төлеуге жұмсаған. Тағы 2 миллион долларды 2005 жылы алған.

Қылмыстық іс мәліметтеріне сүйенсек, 2009-2010 жылдары Тоқмәди 2 миллион долларды шыны зауытына құйған. Кейіннен бұл сомманы зауыт артығымен қайтарған.

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди 2017 жылдың 12 маусымында өз үйінде ұсталған болатын. Сол күні арнайы қызмет өкілдері Алматыда Тоқмәди басшылық еткен “Депутаттық корпус” қылмыстық тобын құрықтады. Кейін Тоқмәди сотпен келісімге келіп, ақырында оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.

Сондай-ақ, Тараз қалалық сотының 2007 жылғы 3 қыркүйегіндегі үкіміне сәйкес, Мұратхан Тоқмәди Қылмыстық кодекстің 101 бабы-1 тармағы бойынша бір жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол 2004 жылы аңшылық кезінде абайсызда Ержан Тәтішевті өлтіріп алды деп айыпталды.

Алайда КТК арнасынан көрсетілген деректі фильмде Мұратхан Тоқмәди Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындады. Айтуынша, банкирді өлтіруге Мұхтар Әблязов тапсырыс берген. Тәтішев өлгеннен кейін, Әблязов БТА банктің басшысы қызметіне тағайындалған еді. Тәтішевті өлтіргені үшін Тоқмәдидің 4,5 миллион доллар көлеміндегі қарызы жабылған.

Ержан Тәтішев 2004 жылдың 19 желтоқсанында аңшылық кезінде көз жұмған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Вице-министр кімдерге жер берілмейтінін айтты

ОҚО-да орамал таққан 130 оқушының ата-анасына айыппұл салынады

Алматы облысында 14 жастағы қыз әлі күнге дейін дұрыс сөйлей алмайды

Қазақстандықтарға көліктің кері бұрылатынын көрсететін жаңа жол белгісі сатылып жатыр

 

Талқылау