Ота жасатқан Әзімбаева шетелде денсаулығын қалпына келтіріп жатыр

Дүйсенбі, 18 Сәуір , 2016 19:11

Елімізге танымал актриса Айсұлу Әзімбаева денсаулығы сыр беріп, халық көзінен таса болуға мәжбүр болды. Дәл қазір бойжеткен отадан кейін шетелде денсаулығын қалпына келтіріп жатыр.

image

Фото: instagram.com/strangeice/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Айсұлу Әзімбаеваның “Ашына” атты қойылымда ойнамайтыны туралы жаңалық қазақстандық көрермендерді дүрліктірген-ді. Актрисаның театрдан алыстауының себебін “Comode.kz” хабарлады. Бойжеткенге стоматологиялық ота жасалған екен. Жағдайының қиындағаны соншалық, Айсұлу бастапқыда сөйлей алмай қалған. Осылайша актриса ойнайтын қойылымдар кейінге қалдырылған. Ұйымдастырушылар көрермендерден кешірім сұрап, ақшаларын қайтарып беруге уәде берген.

Жақын күндердің бірінде жоба жетекшісі Разия Хасанованың парақшасында көрермендердің актриса жағдайына түсіністікпен қарағаны туралы ақпарат пайда болды. Олар Әзімбаеваның сауығып кетуін тілеп, оған түрліше қолдау көрсетіп жатыр екен. Ал бойжеткен өз кезегінде отадан кейін көптен бері көкейінде жүрген арманын орындап, шетелде демалуды жөн көрген.

12934949_1591464311145080_1377137039_n

12930765_1711877322386787_1671018251_n

“Кубадан кейін Непалға баруды жөн көрдім. Сол сәтте барлығы қолымнан келетіндей көрініп еді. Куба мен үшін жердің бір шеті. Артынша жердің келесі бір шеті Камбоджаға ұштым. Неге Непал? Иә, есімде жоқ. Гуглдан жас саяхатшыларға арналған көлік іздестірдім. Ал интернетке бір кірсеңіз, шыға алмай қалатынымызды жақсы білесіздер ғой. Мен барлығын қулықпен ойластыратынымды айтқан болатынмын. Непалға осы уақытқа дейін үш рет келмек болып, жолым болмаған еді. Бірде жұмыстан босай алмадым, күн тәртібіме сай келмеді, оқыс оқиғалар болып жатты. Бітпейтін сылтаулар”,  – деп Әзімбаева көптен бері аталған елге келгісі келіп жүргенін жеткізді.

12907286_1535390396767256_503826370_n

Бұл өлкеге келу үшін актриса моральдық, эмоционалдық, физикалық тұрғыдан екі жыл бойы дайындалған. Дәл қазір ғибадатханаларға барып, қан тамырлары жұмысын реттейтін дәрумендер ішіп жүр. Аяғына массаж жасатып, тізесіндегі тұз мөлшерін тексерткен екен. Еттен бас тартқан көрінеді.

12445839_867550560021860_1306295263_n

“Ағам вегетариндықтың өзінің кім екенін таныстықтың алғашқы бес минутында айтатынын ескертетін. Мен үш апта болды жағымсыз әдеттерімнен арылдым, вегетариндық диета ұстап жүрмін. Аз сөйлеп, көп күлімсіреймін. Бүгін маған прана туралы айтып берді. Оны көруді де үйреніп алдым”, – деп актриса қалыпты тамақтану тәртібін өзгерткенін айтып өтті.

И тут начали танцевать свадебные танцы…

Видео опубликовано Aissulu Azimbayeva (@strangeice)

Айсұлу Әзімбаева аталған елде денсаулығын қалпына келтіріп қана қоймай, салт-дәстүрлермен танысуды жөн көрген. Жергілікті тұрғындардың тойына қонақ болып барған.

Актриса Алматы қаласының тумасы. 2004 жылы Дубайдағы “Америкалық Университеттің” “қаржы” мамандығына түскен. 2010 жылы “Әсел және оның достары” атты телехикаяда басты рөлдердің бірін сомдайды. “Қара аққу” фильміне пародия ретінде түсірілген қысқаметражды фильмге түскен. Бұдан өзге “Ұстаз”, “Үй сарбаздары” атты ситкомдарда басты рөлдердің бірін сомдаған.


Оқи отырыңыз:

Қазақтың телехикаяларында бой көрсеткен ең сымбатты әрі сұлу 10 актрисасы

Бір-біріне ұқсай ма: қазақстандық жұлдыздар мен олардың туған бауырлары

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
11.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар